Шымкентте “Абай әлемі“ Республикалық байқауының финалы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте “Абай әлемі“ Республикалық байқауының финалы өтті Шымкент әкімдігі ұсынған сурет

Шымкент қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби-рухани мұрасын дәріптеуге арналған "Абай әлемі" республикалық байқауының қорытынды кеші өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының әдеби-рухани мұрасын дәріптеуге арналған "Абай әлемі" республикалық байқауының қорытынды кеші өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқаудың алғашқы кезеңі 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтті. Биыл 18-35 жас аралығындағы 117 үміткер қатысып, оның 26-сы финалға жолдама алды. Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен жиналды.

Салтанатты кеште финалистер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына арналған зерттеулерін ұсынды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Абай мұрасының жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудегі маңызын атап өтті.

Бас жүлдені 6506 әскери бөлімінің қызметкері Мәлік Бекжан жеңіп алып, 1 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Батыс Қазақстан облысынан келген Азат Мыңбаев бірінші орынды иеленіп, 700 мың теңгелік жүлдені алды.

"Абай әлемі" байқауы үшінші жыл қатарынан өтіп, жас дарындарды анықтау мен Абай шығармашылығын насихаттаудың маңызды алаңына айналды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Шымкент әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети