Шымкентте бес жұлдызды қонақүйдің құрылысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бес жұлдызды қонақүйдің құрылысы басталды Фото: Шымкент ішкі саясат басқармасы

Шымкентте бес жұлдызды қонақ үй бой көтермек. Осыған орай бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі "Hilton" халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкент сити шағынауданында іргетасы қаланған бес жұлдызды қонақ үйді ашу 2026 жылға жоспарлануда.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бес жұлдызды қонақ үй бой көтермек. Осыған орай бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі "Hilton" халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкент сити шағынауданында іргетасы қаланған бес жұлдызды қонақ үйді ашу 2026 жылға жоспарлануда.

Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды.
Жалпы жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді.

Әкімнің пікірінше, "Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. "Hilton" - әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді".

Құрылыс жобасына сәйкес қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Ал ауқымды құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған "Qazaq Hotel" қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Шымкент ішкі саясат басқармасы ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети