Шымкентте биыл 253 көше орташа жөндеуден өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте биыл 253 көше орташа жөндеуден өтеді Фото: elements.envato.com

Биыл Шымкентте жалпы ұзындығы 201,7 шақырым болатын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Олардың 21-і - магистралды көшелер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Шымкентте жалпы ұзындығы 201,7 шақырым болатын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Олардың 21-і - магистралды көшелер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар жыл соңына дейін 140,6 шақырым жолда құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланады.

Қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында ірі құрылыс жобалары жүзеге асырылуда. Биыл Д.Қонаев даңғылы жалғасының 2-ші және 5-ші кезеңдері, А-2 айналма жолының 2-ші және 4-ші кезеңдері, Өтегенов көшесінің жалғасы, Адырбеков көшесін қайта құру және Бәйдібек би-Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталады.

Жалпы, бүгінде мегаполис аумағына кіретін жолдардың ұзындығы - 3 247,6 шақырым. Оның ішінде 2 066,1 шақырымы асфальттелген, қалғаны шағал тас төселген жолдар.

Қаланың кешенді даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Шымкент қаласының ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети