Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалды Фото: Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышқа кептеліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "103" қызметінен жазатайым оқиға туралы хабар Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне 15 қыркүйекте сағат 21:37-де жеткен.

Оқиға орнына барған жедел әрекет ету бригадасы шамамен екі жастағы баланың қолы электр еттартқышта қысылап қалғанын анықтады. Аға фельдшер Сержан Сабденов, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмек берді.

Оң қолының бірнеше жері сынған баланы Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізген, онда шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып, баланың қолын шығарып алды. Бұл кезде бала наркозбен ұйықтап жатқан.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети