Шымкенттегі Бадам өзенінде жағалауды бекіту жұмыстары аяқталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң, бетон дамбаның шамамен 40 метрі қирап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкенттің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы өкіледрінің айтуынша, біреулер өзен арнасынан тасты заңсыз қазып алған. Соның салдарынан гидротехникалық құрылысқа зақым келген.
Нәтижесінде бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтап жатыр.
Ведомство дерегінше, өзендегі жағдай тұрақты. Қазір жақын маңдағы аумақтарды су басу қаупі жоқ.
Құны 2,7 млрд теңгелік жоба
Жағалауды бекіту жұмыстары былтыр желтоқсанда аяқталған. Бадам өзені бойында 5,3 шақырым жағалау нығайтылған.
Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендері тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған.
Жобаны іске асыруға бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінген. Бұл көктемгі тасқын кезінде, су деңгейі дәстүрлі түрде көтерілетін кезеңде, қауіп-қатерді азайтады.
Зақымданған бөлікті мердігер ұйым өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді. Жобаның кепілдік мерзімі - 7 жыл
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!