Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім бастығы пара ретінде 30 қой алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Бигайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Бигайдаровтың айтуынша, 25 наурызда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы жобалар мен объектілердің сметалық есебін дайындау және сәулет бөлімі басшысы Ш.Қожамсүгіровке алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу үкімін шығарды.
"Ол Шымкент қаласында Ташкент тасжолы бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік актіні алуға көмек көрсеткені үшін жалпы сомасы 1,2 миллион теңге болатын отыз қой және 11 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деген күдіке ілінген", - деп түсіндірді Биғайдаров.
Бұған дейін Шымкентте реаниматолог дәрігер үш жылға сотталғаны хабарланған еді. Ол жедел жәрдем қызметіне жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, пара алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!