Шымкентте резонанс тудырған төбелес: тағы үш күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте резонанс тудырған төбелес: тағы үш күдікті ұсталды Фото:depositphotos.com

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде адвокат Талғат Есімов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде адвокат Талғат Есімов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Василий Колесниковті өлтіру дерегі бойынша тағы үш күдікті ұсталды. Олар Түркістан облысының Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген", – деп жазды Есімов.

21 қаңтарда полиция кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер адамның ұсталғанын хабарлаған.

"Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Не болған?

Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция қызметкерлері күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course up  589.88  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети