Шымкентте сиыр етінің бағасы шарықтап кетті: Сауда министрлігі не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте сиыр етінің бағасы шарықтап кетті: Сауда министрлігі не дейді? Фото:depositphotos.com

Сауда және интеграция министрлігі Шымкенттегі сиыр еті бағасының күрт өсуіне қатысты пікір білдіріп, бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрлігі Шымкенттегі сиыр еті бағасының күрт өсуіне қатысты пікір білдіріп, бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, Шымкент нарығына сиыр етінің негізгі бөлігі Түркістан облысынан, оның ішінде ет бағытындағы мал шаруашылығымен танымал Қарабұлақ ауылынан жеткізіледі. Сонымен қатар, көршілес елдер тарапынан қазақстандық етке деген сұраныс жоғары болып отыр, бұл ішкі бағаға әсер етеді. Бұған қоса, жем-шөп, оның ішінде астық, құрамажем және шөп бағасының қымбаттауынан ет өндірудің өзіндік құны да өскен.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында министрлік "Magnum" және "Грамад" сауда желілерімен келісімшарттар жасалғанын хабарлады.

Сондай-ақ "Қасқасу-С" және "Бәйтерек" шаруа қожалықтарымен келісімшарттар жасалды, оларда ет бағасы - 2 620 теңге. Бүгінде бұл бөліктегі сиыр еті (сүйегімен) әлеуметтік бағамен Шымкенттегі 60-тан астам сауда нүктесінде, негізінен ірі сауда желілерінің филиалдарында қолжетімді. Ал нарықта ең жоғары коммерциялық баға – 3800–4000 теңге аралығында.

Министрлік 15 пайыздық сауда үстемесін сақтау бойынша бақылау жалғасып жатқанын да атап өтті.

"Жыл басынан бері өңірде Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 204-4 және 203-баптары бойынша 220 әкімшілік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 176 ескерту беріліп, 27 айыппұл салынды. Жалпы айыппұл сомасы – 275 240 теңге. Оның ішінде ет өнімдеріне қатысты 19 тексеру жүргізіліп, 10 ескерту мен 9 айыппұл (176 940 теңге көлемінде) салынды", – деді министрліктегілер.

Не болды?

Шымкентте сиыр еті бағасы 1 келі үшін 5 мың теңгеге дейін шарықтады. Бұған жем-шөп тапшылығы, мал басының азаюы және өндірушілер шығынының артуы себеп болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети