Шымкентте ҰОС соңғы ардагері қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ҰОС соңғы ардагері қайтыс болды Рабат газеті

Шымкентте 27 қарашада Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 27 қарашада Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Биыл мамырда майдангер отбасы ортасында қос мерейтойын, 100 жылдығын және Ұлы Жеңістің 80 жылдығын, атап өткен еді.

Рабат газеті

Мұраталы Төлепбергенұлы соғысқа 1943 жылы, 18 жасында аттанған. Ол 339-шы танкіге қарсы артиллериялық бөлімше құрамында радист болып шайқасқан.

Қазақстандық жауынгер Бресттен бастап соғысып, Украина мен Польша жерлерінде шайқасқа қатысып, Германияға дейін барған. Жеңістен кейін де тағы бес жыл әскери қызметте болған.

Рабат газеті

Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" және "1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс үшін" медальдарымен марапатталған.

Ардагер кейінгі жылдары тұрып келген Түлкібас ауданында әскери құрметпен жерленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 509.47  course up  592.1  course up  6.54  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети