Синоптиктер 3 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 3 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 3 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 3 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде +1+3 градус, көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20, таңертең және күндіз екпіні секундына 23 метр. Күндіз +11+13 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Алматыда түнде +6+8 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Күндіз +17+19 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Шымкентте түнде +6+8 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Күндіз +23+25 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Семейде түнде +3+5 градус, бұлтты, жаңбыр, желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Күндіз +10+12 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қонаевта түнде +5+7 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +18+20 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Талдықорғанда түнде +3+5 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Күндіз +19+21 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Таразда түнде +4+6 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +19+21 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Қызылордада түнде +5+7 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Күндіз +19+21 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Түркістанда түнде +5+7 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Күндіз +22+24 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Қарағандыда түнде +4+6 градус, көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +11+13 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Жезқазғанда түнде +5+7 градус, көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +11+13 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Көкшетауда түнде +0+2 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Күндіз +10+12 градус, көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады.

Қостанайда түнде +0+2 градус, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +4+6 градус, бұлтты.

Ақтөбеде түнде +3+5 градус, бұлтты, жауын-шашын (негізінен жаңбыр), желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +3+5 градус, бұлтты, жауын-шашын (негізінен жаңбыр).

Оралда түнде -1-3 градус, көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундына 18 метр. Күндіз +2+4 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Атырауда түнде +8+10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундына 15-18 метр. Күндіз +8+10 градус, көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады.

Ақтауда түнде +8 +10 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Күндіз +15+17 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Тұман.

Павлодарда түнде 0+2 градус, көшпелі бұлтты, аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр), желдің жылдамдығы секундына 15-18 метр. Күндіз +13+15 градус, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Петропавлда түнде 0+2 градус, бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 23 метр. Күндіз +8+10 градус, бұлтты, жаңбыр жауады.

Өскеменде түнде +4+6 градус, бұлтты, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 5-10, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +8+10 градус, бұлтты, жаңбыр жауады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети