Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен жиын өтті. Жиналысқа атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар мен учаскелік инспекторлар қатысты.
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен жиын өтті. Жиналысқа атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар мен учаскелік инспекторлар қатысты.
Жиында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және нашақорлықты алдын-алу мәселелері талқыланды.
Ауылдық аумақтарды дамыту және халықтың табысын ұлғайтуға ерекше назар аударылды. Өңір басшысы ауылдарды біркелкі дамытудың маңыздылығына тоқталды. Елді мекендер экономикасы өзінің кіріс базасымен қамтамасыз етілетін және өмір сүру деңгейі қалаға жақын тартымды жерлерге айналуы керек. Жыл соңында Ауылды дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Сондай-ақ жұмысшыларды оқытудың жаңа тәсілдері талқыланды. Еңбек нарығын зерделеп, жұмысшы мамандықтардың сұранысын жан-жақты сараптауды тапсырды.
Оған қоса, өңір басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге қалалар мен ауылдардың тартымды келбетін сақтай отыра, елді мекендерді абаттандыру және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
СҚО әкімі ауылдары түрленіп жатқан үлгілі шаруашылықтарды мысалға келтірді. Бұл Новоникольское, Ильинка, Заградовка, Полтавка, Дайындық, Буденное, Ковыльное, Раисовка, Возвышенка, Ставрополька сынды ауылдар. Диқандардың арқасында ауылдар гүлденіп жатыр. Кездесуде "Зенченко и К" КТ басшысы Геннадий Зенченко бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы айтты.
Кездесуден кейін қатысушылар үшін Новоникольское ауылына экскурсия ұйымдастырылып, олар ауылдың және үлгілі шаруашылықтың қалай дамып жатқанын көрді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!