СҚО-да екі бала коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да екі бала коронавирус жұқтырды Сурет: elements.envato.com

Солтүстік Қазақстан облысының тағы үш тұрғынынан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының тағы үш тұрғынынан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы СҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова мәлімдеді. Оның ақпаратына сәйкес, инфекция 2015 жылғы бала ағзасынан оң нәтиже көрсеткен. Ол әкесімен провизорлық стационардан шығуға дайындалып жатқан екен. Енді карантин ұзартылады, медициналық бақылау жалғасады. Науқас "Бірінші қалалық ауруханадағы" жұқпалы аурулар бөліміне оқшауланды.

Коронавирус анықталған тағы бір бала - 2013 жылы туған, ол Қызылжар ауданы Бескөл ауылында тұрады.

Сондай-ақ, коронавирус Петропавл қаласында тұратын 87 жастағы әйелден табылды. Ол науқас адаммен байланыста болғандардың қатарынан және қазір ауруханада.

СҚО-да коронавирус жұқтырған барлығы 11 адам бар. Олардың екеуі медицина қызметкері, үшеуі Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети