СҚО-да стадионда сатылған донерден үш бала мен бір ересек адам уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да стадионда сатылған донерден үш бала мен бір ересек адам уланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық стадионда сатылған донерден төрт адам уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық стадионда сатылған донерден төрт адам уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Мағжан Жұмабаев аудандық орталығында өтіп жатқан "Жастар-2025" облыстық спартакиадасы кезінде болған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты тексеру басталды.

"Мағжан Жұмабаев ауданында тамақтан төрт адам уланған. Зардап шеккендердің үшеуі - бала, біреуі - ересек адам. Алдын ала деректер бойынша, олардың барлығы 8 тамызда Булаев қаласындағы стадион аумағындағы сауда нүктесінде донер жеген. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы улану дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

СЭС өкілдері эпидемиологиялық тексеру үшін қажет сынамалар алынғанын атап өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы уланғандар Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.

"Барлық науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, жағдайы жақсарып келеді", - деді басқармада.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда қыз ұзату тойында жаппай улану оқиғасы болған еді. Ресторан иесі санитариялық талаптарды бұзған, сондай-ақ мекеме рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети