Скриптонит және гольф: Трамп пен немересінің видеосы көпті таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриптонит және гольф: Трамп пен немересінің видеосы көпті таңғалдырды Видео кадры

АҚШ Президенті Дональд Трамптың немересі Кай Мэдисон Трамп әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнап жатқан сәтінен видео жариялады. Онда Скриптониттің "Не расслабляйся" әні қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Президенті Дональд Трамптың немересі Кай Мэдисон Трамп әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнап жатқан сәтінен видео жариялады. Онда Скриптониттің "Не расслабляйся" әні қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дональд Трамптың үлкен немересі Кай Трамп - 18 жастағы блогер, YouTube-тың "алтын" және "күміс" түймелерінің иегері, сонымен қатар, кәсіби гольфшы. Президент сайлауынан кейін сарапшылар оны Трамптың жастар арасындағы танымалдылығын арттыруға ықпал ете алатын, әлеуметтік желілердегі мықты одақтасы ретінде атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kai Trump (@kaitrumpgolfer)

Кай бірнеше күн бұрын жариялаған видеода атасымен бірге гольф ойнап жатқаны бейнеленген. Екеуі кезектесіп алыстан соққы жасайды, ал қыз допты лункаға түсіргенде, екеуі жұдырық түйістіріп "бес береді". Аяғында Кай мен Дональд гольф көлігіне мініп кетеді.

Видеоға рэпер Әділ Жәлелов, яғни Скриптониттің "Не расслабляйся" әні қосылған. Жазба астындағы пікірлерде қазақстандық орындаушының тыңдармандары қыздың музыкалық талғамын мақтап жатыр.

Видео YouTube-тағы толық нұсқаның промо-ролигі болуы мүмкін. Өйткені Кай Трамп оған мынадай сипаттама қалдырған.

"Дональд Трамп атаммен жеке кездесу. Толық видео сенбіде шығыс уақытымен 12:00-де YouTube-та шығады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети