СІМ Еуропалық одақтың елшісімен қазақстандықтар үшін визалық режимін жеңілдету мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Еуропалық одақтың елшісімен қазақстандықтар үшін визалық режимін жеңілдету мәселесін талқылады Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

  • визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
  • өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
  • көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети