Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы апат 7 ақпанда Қызылжар ауданында Жезқазған - Петропавл автожолының бір бөлігінде болған.

Toyota Camry көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, жоғары жылдамдықпен Shacman жүк көлігіне соғылған. Екі көлік те өртеніп кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі аман қалған. Алғашында жеңіл көліктің 55 жастағы жүргізушісі қаза тапқаны хабарланған. Кейінірек жеңіл көліктің ішінде тағы бір жолаушы болғаны анықталып, оның да қаза тапқаны белгілі болды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Екінші апат 8 ақпанға қараған түні, таңға жуық облыстың Мамлют ауданында болды. Audi көлігі сүт таситын автокөлікпен соқтығысқан. 24 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

"8 ақпанда "Мамлютка - Қостанай" автожолында КамАЗ бен Audi соқтығысуынан Audi жүргізушісі қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді СҚО полиция департаменті.

Полиция жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол жағдайын ескеру және көліктің техникалық жағдайын бақылау қажетін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети