“Соңғы шешім“: Вице-министр зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалану мәселесіне нүкте қойды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Соңғы шешім“: Вице-министр зейнетақы қаражатын тіс емдеуге пайдалану мәселесіне нүкте қойды Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым өзгермейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым өзгермейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда министрліктің бұйрығы "Ашық НҚА" порталында қаралып жатыр және ол бойынша тіс емдеу шығындары БЖЗҚ есебінен өтелмейді.

"Бұл – бүгінгі күнге соңғы шешім. Тергеу аяқталмайынша бұл сұрақ қайта қаралмайды. Қазір тек үш-төрт өңірде анықталған соманың өзі 240 млрд теңгеден асады. Басқа аймақтардағы жағдайды тергеу көрсетеді", – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол тиісті органдар тарапынан тексеріс жүріп жатқанын, нәтижесіне қарай қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының артығын тіс емдеу қызметтерін төлеуге пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети