Сот жүйесін дамытудағы маңызды қадам: БҚО-да Республика күніне орай жаңа аудандық сот ғимараты ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Бөкей Ордасы ауданына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сайқын ауылындағы аудандық сотының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара республика күніне орай өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бөкей Ордасы ауданына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сайқын ауылындағы аудандық сотының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара республика күніне орай өтті.

Айта кету керек, бұрынғы аудандық сот тозығы жеткен ауыл шетіндегі ғимаратта орналасқан болатын. Ескі сот ғимаратына кіреберіс жол мен көлік тұрағы да болмаған. Бұрынғы соттың жұмыс кабинеттері тар болғандықтан да қызметкерлер мен сотқа келушілерге қолайсыздық туғызды.

Ал, жаңа сот ғимараттың жалпы ауданы 720 шаршы метрді құрайды. Ішінде кеңесу бөлмесі, азаматтық және қылмыстық істерді қарауға арналған сот залы, мәжіліс залы, күзет бөлмесі, мұрағат, адвокат пен прокурордың кабинеттері бар.

Сот өрт сөндіру және қауіпсіздік жүйесімен, бейнебақылау камераларымен, қауіпсіздік жүйелермен, құрылымдық кабельдік желімен және т.б заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Жаңа сот ғимараты жергілікті бюджет есебінен салынды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан тұрғындары мен сот қызметкерлерін осы маңызды оқиғамен құттықтады.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіруді, материалдық-техникалық базаны нығайтуды, сот қызметіне жаңа технологияларды, цифрландыруды енгізуді тапсырған болатын. Судьялардың 9-шы съезінде Президентіміз Әділетті Қазақстанды құруда соттардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өңіріміздегі барша сот мамандары әрдайым әділдікті ту етіп, Мемлекет басшысының реформаларын тиімді іске асыратынына сенемін", - деп атап өтті облыс әкімі.

Ашылу салтанатына ҚР Сот Әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шакиев, БҚО облыстық соты төрағасының м.а., сот саласының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro