Шотландия біржынысты некені заңдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шотландия біржынысты некені заңдастырды

Шотландия корольдігінің парламенті елде біржынысты некені тіркені рұқсат беретін заңды қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC News-тің ақпараты бойынша. "Неке және серіктестік туралы билль" деп аталатын заң жобасын 105 депутат мақұлдап, дауыс берген. 18 депутат қарсы болды. Заң жобасы біржыныстылардың некесімен бірге, жынысын ауыстырған адамдардың отбасын құруына да рұқсат береді. Корольдікте алғашқы біржынысты неке күзде тіркелмек. Заңда біржыныстылыққа қарсы бола отырып, гомофоб деп саналмау еркіндігіне кепілдік беретін бап та бар. Айта кетейік, 2013 жылы дәстүрлі емес сексуалды ориентация өкілдерінің некесін Англия мен Уэльс заңдастырған болатын. Сөйтіп, Ұлыбритания аумағында қызтекелер мен еркекшораларға заңды некеге тұруға рұқсат бермейтін бір ғана аймақ қалды. Ол - Солтүстік Ирландия. Біржынысты неке әлемнің 15 мемлекетінде заңдастырылып отыр. Олардың арасында Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Швеция, Дания, Испания, Бразилия, Канада және Уругвай бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети