Суға лақтырған: қыздармен төбелескен танымал биші қызу талқыға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суға лақтырған: қыздармен төбелескен танымал биші қызу талқыға түсті Видео кадры

Әлеуметтік желіде Бішкектегі Sheraton қонақүйінде болған жанжалдың видеосы тарады. Кадрлардан танымал қырғызстандық биші Жан Воиновты байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Бішкектегі Sheraton қонақүйінде болған жанжалдың видеосы тарады. Кадрлардан танымал қырғызстандық биші Жан Воиновты байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бес жұлдызды қонақүйдің бейнебақылау камераларына қонақтар арасындағы жанжал түсіп қалған. Төбелес бассейн маңында басталған. Онда жігіттердің бірі үш қызды суға лақтырып жібергені көрінеді. Кейін ол қонақүйдің фойесінде жалғасып, бұл жерде қыздар арасында төбелес болып, оған ер адамдар да араласқанын байқауға болады.

Басылым мәліметінше, жанжалға қатысқан қыздардың бірі - Қырғызстандағы танымал биші Жан Воиновтың әйелі Зарина Алмасова және оның ағасы. Сондай-ақ, төбелеске Жан Воиновтың өзі де қатысып, адамдарды пышақпен қорқытты деген де ақпарат бар.

Бішкектегі Первомай аудандық ішкі істер басқармасы бұл оқиға 30 маусымда түнгі 01:00 шамасында болғанын растады. Үш қыз милицияға арыз жазған.

1 шілдеде қыздарды суға итерген жігіттің кім екені анықталды. Ол 31 жастағы А.Р. болып шықты. Сол күні ол ұсталып, бір айға тергеу изоляторына қамалды.

Бүгін Бішкекте биші әрі кәсіпкер Жан Воиновтың екі күзетшісі ұсталғаны белгілі болды.

"Бұл іс бойынша тағы үш адам, оның ішінде Жан Воиновтың әйелі Зарина да қамауға алынуға тиіс. Бірақ оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін алға тартып, қамауға алынбай отыр. Алайда заң бойынша, оны кем дегенде уақытша ұстау изоляторына қамау керек еді, одан кейін сотқа жеткізіліп, бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс болатын", – деді адвокат Шердор Абдықапаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети