Талдықорғанда қонақүйден 12 рет пышақталған әйелдің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда қонақүйден 12 рет пышақталған әйелдің мәйіті табылды Фото:depositphotos.com

Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінен 12 пышақ жарақатын алған әйел-администратордың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған қаласындағы қонақүйлердің бірінен 12 пышақ жарақатын алған әйел-администратордың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмның денесі өрт сөндіру кезінде анықталған. Өрт қонақүйдің бірінші қабатында тұтанған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер ізін жасыру үшін ғимаратты әдейі өртеген болуы мүмкін.

"24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінің тіркеу бөлігінде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндірілді, 35 адам эвакуацияланды", – деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД.

Полиция мәліметінше, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 23 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети