Полицияның арнайы жасағы Талғарда ұрланған кішкентай қызды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, бала аман-есен құтқарылып, оның өміріне немесе денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
"Қазір күдіктіні ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрі арнайы операцияның барысын жеке бақылауына алды", – деді министрлік өкілдері.
Полиция бала анасымен қауышқанын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда ер адамға оқ атылып, кішкентай қыз ұрланғаны белгілі болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!