Танымал әнші Ернар Айдарға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші Ернар Айдарға айыппұл салынды Видео кадры

Жамбыл облысы полиция департаменті Таразда жол қозғалысы ережесін әдейі бұзған жүргізушіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы полиция департаменті Таразда жол қозғалысы ережесін әдейі бұзған жүргізушіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде көпшіліктің назарын аударған видео тараған еді. Кадрлардан ер адам жолдың дәл ортасында көлігін көрсетіп, оған орнатылған жаңа, аты-жөні жазылған мемлекеттік нөмірді таныстырып тұрғанын көруге болады. Бейнежазбаны кәсіби оператор түсіргені байқалады.

Көптеген қазақстандық видеодағы адамды бірден танығанын жазды. Ол - танымал әнші Ернар Айдар. Айта кетейік, оның Instagram-парақшасына 2,8 миллионға жуық оқырман тіркелген.

Полиция не дейді?

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеодағы жағдайға қатысты пікір берді.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Таразда жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғаны анықталды. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі ЖҚЕ талаптарын ашық түрде бұзған. Бұл әрекет видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге жарияланған. Полицейлер көлік иесін анықтады. Бұл азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіге:

  • көлікті тоқтату және қою ережелерін бұзғаны,
  • жол белгілері мен жол таңбалары талаптарын сақтамағаны,
  • сондай-ақ, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткені үшін айыппұл салынған.

Алайда айыппұлдың нақты мөлшері жарияланған жоқ.

Полиция өкілдері жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жеке жауапкершілігінен басталатынын тағы бір мәрте еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети