Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында блогер Ильяр Ювашевке қатысты іздеу туралы мәлімет жарияланды. Аптаның басында оған іздеу жарияланған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іздеу деректеріне сәйкес, блогерге қатысты іздеу ісі Астанада тіркелген. Істі Қаржы мониторингі агенттігі бастаған. Іздеуді агенттіктің елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Бұған дейін танымал қазақстандық блогер "Ильярчик" (andersonchik1) елімізде лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікпен мемлекетаралық іздеуге жарияланғаны хабарланған еді.
qamqor.gov.kz
Ведомство мәліметінше, Ильяр Ювашев Салаватович 2024–2025 жылдары mellstroy.game сайтының ішінде интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан.
ҚМА мәліметінше, қаржы ағынын заңдастыру және операцияларды жасыру үшін 22 жалған заңды тұлға тіркелген. Сондай-ақ, POS-терминалдар мен электрон төлем құралдары пайдаланылып, ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат түскен.
Еске салайық, Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сотта жауап беру үшін блогерлер Жолшыбеков пен Нұртаза жеткізілмек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!