Танымал режиссер Сламбек Тәуекел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал режиссер Сламбек Тәуекел қайтыс болды t.me/madenietaqparat

78 жасында қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

78 жасында қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.

Министрлік танымал кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Сламбек Тәуекелдің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғыра көңіл айтты.

"Сламбек Тілеукабылұлы – қазақ кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға. Кәсіби режиссер, талантты сценарист әрі продюсер ретінде ол тарихи-көркем фильмдер түсіріп, ұлттық руханиятты жаңғырту мен нығайтуға күш салды. Сонымен қатар, ол көп жыл бойы Қазақ ұлттық өнер университетінде ұстаздық етіп, жас мамандар тәрбиелеуге үлкен үлес қосты", – делінген хабарламада.

Сламбек Тәуекел 1948 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) бітірген.

Әр жылдары ол "Сәлем, Наурыз!", "Жоғалған өлке", "Киіз үйге тағзым", "Асанәлі" атты бірнеше деректі фильмдер түсірді. Ал көркем фильмдерінің қатарында "Батыр Баян" (1993), "Махамбеттің қылышы" (2006), "Махамбет" (2008), "Жерұйық" (2010) сынды туындылар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети