Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді Фото:depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, жерасты дүмпулері Тараз бен Шымкентте 2 балл шамасында сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, жерасты дүмпулері Тараз бен Шымкентте 2 балл шамасында сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы 6 желтоқсан, сенбіге қараған түні ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеулер институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 желтоқсанда Астана уақытымен 02:04-те жер сілкінісін тіркеді", — делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 565 шақырым қашықта, оңтүстік-батыс бағытта, Өзбекстан аумағында болғаны нақтыланды.

Тараз бен Шымкенттегі есептік қарқындылық 2 балға жетті.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Сонымен қатар, Өзбекстан ТЖМ мәліметінше, эпицентр Наманган облысының Пап ауданында орналасқан. Тереңдігі - 17 шақырым. Магнитудасы - 4,5. Эпицентрдегі дүмпулер күші - 5 балл.

Еске салайық, 4 желтоқсанда Қытайдың оңтүстік Синьцзян аймағында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері жеткілікті күшті болып, олар Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ,Жетісу облысында сезілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети