Таразда баласын ұрған әйелдің күйеуі балаларды қамқорына алуға тырысып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда баласын ұрған әйелдің күйеуі балаларды қамқорына алуға тырысып жүр Видео кадры

Таразда баласын аяусыз ұрып, күйеуінен кегін алмақ болған әйелдің психологиялық жай-күйі тексеріліп жатыр. Ал оның бұрынғы күйеуі балаларды өз қамқорына алу үшін балалар үйінің маңын торуылдап жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда баласын аяусыз ұрып, күйеуінен кегін алмақ болған әйелдің психологиялық жай-күйі тексеріліп жатыр. Ал оның бұрынғы күйеуі балаларды өз қамқорына алу үшін балалар үйінің маңын торуылдап жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қордай ауданының 26 жастағы тұрғыны балаларды алу үшін "барымды саламын" деп бекініп отыр. Алайда қорғаншы орган балалардың әке-шешесі заңды некеде болмағандықтан, бөгде адамға берілмейді дейді. Сондай-ақ, ол екінші балаға әке құқығын алмаған көрінеді. Енді Айдар Мамыт өзін екі баланың әкесі екенін дәлелдеуге тиіс. Ол үшін құжаттарын құнттап, ДНК сараптамасын жасамақ. Содан соң бұл мәліметтер бала құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.

Еске салайық, әлеуметтік желіде өткен аптада 19 жастағы әйел өз балаларын ұрып-соққан видеосы тараған еді. Жұртшылықты шошытқан оқиғадан кейін безбүйрек әйел қамауға алынды.

"Маған бала керек, баланы әрқашан бірінші орынға қоямын. Қазір баламның әкесі екенімді дәлелдеу үшін жүгіремін. АХАТ-қа барамын, сотқа барамын. Қолымнан келгенше, соңғы демім қалғанша, бала-шағам үшін барына дайынмын. Қазір көбі үлкен қыз қызыңыз емес, не үшін алайын деп жатырсыз дейді. Айтады ғой, қазақта бала тапқандікі емес, баққандікі дейді. Мен екеуін де жақсы көремін, екеуін бөлмеймін", - деді Айдар Мамыт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 498.46  course up  589.08  course up  6.48  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети