Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, жазушы және даңқты қолбасшы Б.Момышұлының 115 жылдығына арналған "Бауыржан Момышұлы" музейінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, көрмеге қойылған шежірелі заттардың тарихымен танысты. Батырдың ұрпақтарымен сұқбат құрды.
Сонымен қатар бейбіт уақытта киген киімдері, жеке заттары (ыдыс, күміс қасықтар мен шанышқылар, қымыз бен шұбат құятын ағаш тостаған, ағаш қасық пен шөміш, шай ыдыстары мен шәй қасық), батырдың өзі ойып алған өрнектер альбомы, Құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық, сол сияқты "Ғасыр саңлағы" мен "Ғасыр қаһарманы" атақтарын беру туралы жарлық пен құжаттар, домбыра, Куба сапарынан әкелінген заттарды көруге болады.