Таразда даңқты батыр Бауыржан Момышұлының музейі ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметімен ұсынған. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметімен ұсынған.

Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, жазушы және даңқты қолбасшы Б.Момышұлының 115 жылдығына арналған "Бауыржан Момышұлы" музейінің ашылу салтанаты өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, жазушы және даңқты қолбасшы Б.Момышұлының 115 жылдығына арналған "Бауыржан Момышұлы" музейінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, көрмеге қойылған шежірелі заттардың тарихымен танысты. Батырдың ұрпақтарымен сұқбат құрды.

Облыс орталығындағы "Даңқ залы" кешені аумағында орналасқан жаңа музейде Бауыржан Момышұлының шежіресімен танысуға бар жағдай жасалған.

Көрмеге Баукең өмірінің әр кезеңіндегі деректер – балалық шағы, әскери өмірі, отбасы, жеке заттары, құжаттары қойылған. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының полковник шеніндегі шинелі, батырдың өзі салған карта, "Ұшқан ұя" және "Артымызда Мәскеу" шығармаларын жазған қалам мен сия сауыты да музейдің төрінен табылған.

Сонымен қатар көрмеден Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Бауыржан Момышұлының өзі тарту еткен жеке маузерін, Кеңес Одағының Батыры Алтын Жұлдызының және Ленин орденінің, полковниктің айдаһар бейнеленген қылышының көшірмелерін, кітаптар мен фотосуреттерін көруге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар бейбіт уақытта киген киімдері, жеке заттары (ыдыс, күміс қасықтар мен шанышқылар, қымыз бен шұбат құятын ағаш тостаған, ағаш қасық пен шөміш, шай ыдыстары мен шәй қасық), батырдың өзі ойып алған өрнектер альбомы, Құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық, сол сияқты "Ғасыр саңлағы" мен "Ғасыр қаһарманы" атақтарын беру туралы жарлық пен құжаттар, домбыра, Куба сапарынан әкелінген заттарды көруге болады.

Tengrinews
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer