8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 11 әуе рейсі келіп, 1 786 жолаушы ел оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, рейстерді Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары орындаған. Сондай-ақ, 8 наурызға қосымша бірнеше рейс жоспарланған. Оларды қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады.
Қанша қазақстандық елге оралды?
3 наурыздан бері жүргізіліп жатқан эвакуация операциясы басталғалы Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 әуе рейсі орындалды. Осы уақыт ішінде елге 6 254 адам оралған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!