Тегеран Трамптың келіссөздерге ұмтылысы кезекті айла болуы мүмкін деп күдіктенеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тегеран Трамптың келіссөздерге ұмтылысы кезекті айла болуы мүмкін деп күдіктенеді Фото:depositphotos.com

Иранның ресми өкілдері АҚШ-пен бейбіт келіссөздерге делдал болуға тырысқан елдерге тағы да президент Трамптың арбауына түскісі келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios басылымына сілтеме жасап.


Иранның ресми өкілдері АҚШ-пен бейбіт келіссөздерге делдал болуға тырысқан елдерге тағы да президент Трамптың арбауына түскісі келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Иранмен бетпе-бет бейбіт келіссөздерді бейсенбі күні-ақ Пәкістан астанасы Исламабадта өткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, Пентагон Таяу Шығыстағы әскери күштерін арттыруды жалғастырып келеді.

Иранның ресми өкілдері делдал елдер, Пәкістан, Египет және Түркияға, америкалық әскерилердің қозғалысы мен Дональд Трамптың ірі қосымша күштерді орналастыру туралы шешімі келіссөздер ұсынысы айла болуы мүмкін деген күдікті күшейткенін хабарлаған.

Трамп әкімшілігі өз кезегінде әскерді шоғырландыру келіссөздерді "күш позициясынан" жүргізуге дайын екенін көрсету үшін жасалып жатқанын, ал ниеттің адал емесін білдірмейтінін айтады.

"Трамптың бір қолы келісімге ашық, ал екінші қолы - сені ұрып жіберуге дайын тұратын жұдырық", - деді оның кеңесшілерінің бірі.

Басылымның мәліметінше, Ақ үй Тегеранға ниетін білдіретін белгілер жолдап, соның дәлелі ретінде келіссөздерге вице-президент Джей Ди Вэнстің қатысуы мүмкін екенін атап өткен. Екі дереккөздің айтуынша, Уиткофф Вэнсті оның жоғары лауазымына және Иранда оны қатаң ұстанымдағы саясаткер ретінде қабылдамайтынына байланысты ұсынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети