Техаста су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Техаста су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады Видео кадры

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 130-ға жуықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, апаттан кейін бір аптадан аса уақыт өтсе де, құрбандар саны кемінде 129 адамға жеткен. Тағы 166 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Табиғи апаттан ең қатты зардап шеккен Керр округінде 103 адам көз жұмған, олардың 36-сы - балалар. Көптеген адам әлі де табылмай жатыр.

Сонымен қатар, метеорологиялық қызмет 13 шілде кешіне дейін су тасқыны қаупін тудыруы мүмкін жаңа нөсер жауындар болатыны жөнінде ескерту жасады.

The Washington Post газетінің хабарлауынша, апат кезінде Керр округінің билігі қауіпті ескертетін, алыс қашықтыққа дейін сигнал тарататын арнайы жүйені іске қоспаған. Оның орнына SMS-хабарламалар тек осы қызметке тіркелген қолданушыларға ғана жіберілген.

Еске салайық, алапат су тасқыны 4 шілдеде таңертең Сан-Антониодан солтүстік-батысқа қарай 140 шақырым жерде болған. Қатты жауған жаңбыр салдарынан Гваделупе өзені тасып кеткен.

АҚШ медиасы бұл су тасқынын және жазғы лагерьден балалардың жоғалуын кейінгі жылдардағы ең ірі апаттардың бірі деп атап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети