Теннисші Анна Данилина WTA 250 турнирінде жеңіске жетті

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теннисші Анна Данилина WTA 250 турнирінде жеңіске жетті ©ҚР ҰОК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен WTA 250 турнирінде жұптық разрядта чехиялық теннисші Мария Боузковамен бірге чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финал кездесуде Қазақстан мен Чехия өкілдері Тайваньнан келген Се Шувэй мен австралиялық Майя Джойнтты 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Анна Данилинаның жұптық разрядтағы WTA турнирлерінде 13 чемпиондық атағы бар: WTA 1000 санатында - 1, WTA 500 - 2, WTA 250 - 7 және WTA 125 - 3. 2023 жылы Данилина финляндиялық Харри Хелиеваарамен бірге US Open турнирінде микст санатында жеңіске жеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети