Теннисші Арина Соболенко жігітінің қазасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теннисші Арина Соболенко жігітінің қазасына қатысты пікір білдірді Фото: instagram.com/sabalenka_aryna

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко бірнеше жыл бойы қарым-қатынаста болған "Салават Юлаев" хоккей клубының бұрынғы шабуылшысы Константин Кольцовтың қазасына қатысты алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко бірнеше жыл бойы қарым-қатынаста болған "Салават Юлаев" хоккей клубының бұрынғы шабуылшысы Константин Кольцовтың қазасына қатысты алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Костяның өлімі - сөз жетпес трагедия, біз бірге болмасақ та, жүрегім ауырды. Осы қиын кезеңде менің жеке өміріме және оның отбасының жеке өміріне құрметпен қарасаңыздар екен", - деп жазды әлемнің екінші ракеткасы Instagram-дағы парақшасында.

Константин Кольцовтың кенеттен қайтыс болғаны 19 наурызда белгілі болды. НХЛ бұрынғы ойыншысы және Арина Соболенконың жігіті Майамидегі қонақүйде балконнан секіріп, өз-өзіне қол жұмсағаны айтылып жатыр.

Кольцов "Салават Юлаев" сапында 2006-2012 жылдар аралығында өнер көрсетті, 2008 жылы Ресей чемпионатын, 2011 жылы Гагарин кубогын жеңіп алды. 2022 жылғы маусымынан бастап бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Соболенко мен Кольцов қарым-қатынасы туралы алғаш рет 2021 жылы жариялады. 42 жастағы хоккейшінің бұрынғы некесінен үш баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети