Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.06  course down  585.46  course up  6.36  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети