Тоқаев инфляцияға қатысты “бос сөзді көбейтіп жүргендер“ жауапқа тартылатынын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев инфляцияға қатысты “бос сөзді көбейтіп жүргендер“ жауапқа тартылатынын ескертті Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің сөзінше, оның шарықтап кетуіне жол бермеу керек.

"Инфляцияның не себепті жоғары болып тұрғаны белгілі, кеселдің себебі анықталды. Енді осы мәселені шешу керек. Бірақ ұсынылатын шаралар елдің дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет. Дәл осы тұста түрлі пікір айтылып жатыр. Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, осы маңызды жұмысқа барлық мекеме өкілі мен сарапшылар қатысуға тиіс.

"Тағы да қайталап айтамын: қолайсыз ахуалды шұғыл ретке келтіру қажет. Биылдан бастап үш жыл қатарынан инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керек. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын сапалы орындау айрықша маңызды. Мәселені шешудің орнына бос сөзді көбейтіп, қажетсіз "жол карталарын" әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады. Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.52  course up  585.95  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети