Тоқаев Жапаровтың қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Жапаровтың қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.

Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course down  582.69  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети