Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.
"Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!