Тоқаев жазушы Сәбит Досановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жазушы Сәбит Досановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: kazpravda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгер, драматург, "Отан" орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети