Телеарналардан ҰҚШҰ-ның онлайн саммиті көрсетіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Президент Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.00-де Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған ҰҚШҰ кезектен тыс сессиясына қатысады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Оның айтуынша, отырыстың тікелей көрсетілімі "Хабар 24" телеарнасынан көрсетіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!