Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар!

Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын!

Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі.

Мемлекет пен қоғам өмірінің негізін айқындайтын Конституцияда азаматтардың мүддесіне, құқығы мен бостандығына айрықша назар аударылған. Сондықтан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан барлық ауқымды өзгерістің мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту.

2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жан-жақты демократияландыру үдерісі басталды, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалды. Құқық қорғау институттарының және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі көтерілді. Сондай-ақ Конституциялық Сот құрылды. Бұл мекеме қазір елімізде заң үстемдігін орнықтыруға барынша ықпал етіп отыр.

Конституцияның әділ әрі берекелі қоғамның тірегі саналатын заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы рөлі нығая түсті.

Азаматтардың негізгі заңымызды құрметтеп, оның талаптарын бұлжытпай орындауы – нағыз отаншылдықтың және жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі. Біз Конституцияда бекітілген қастерлі құндылықтарға сүйене отырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға кәміл сенемін.

Әр шаңыраққа бақ-береке, толайым табыс тілеймін!" - деп жазды Президент құттықтауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети