Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді

Айжан Калиева Корреспондент
Серік Бурамбаев, Қанат Ниязбеков. Фото:gov.kz, gurk.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Қанат Ниязбеков Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 8 маусымда Қазақстан Президенті Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі қызметінен босатты. Қорғаныс ведомствосының жаңа басшысы болып Даурен Қосанов тағайындалды.

Кейін Президент – Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Даурен Қосановты қабылдап, армияның жауынгерлік дайындық деңгейін нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама