Тоқаев күштік ведомстволарды тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев күштік ведомстволарды тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырды Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл жоспар дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл жоспар дайындауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылым тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті.

Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста қалыптасып жатқан жағдайды ескере отырып, тиісті шараларды қарастыру тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети