Тоқаев Кувейт әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Кувейт әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың дүниеден озуына байланысты Кувейт Мемлекетінің жаңа әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа және Кувейт халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың дүниеден озуына байланысты Кувейт Мемлекетінің жаңа әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа және Кувейт халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кувейт Мемлекетінің әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл- Джабер ас-Сабахтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Шейх Наууаф өз өмірін Кувейттің өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға арнаған тұлға. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткер ретінде әрдайым есінде сақтайды. Қаралы сәтте Сізге және әулетіңізге, сондай-ақ барша отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақтасамын", - деп жазылған жеделхатта.

Әмір 86 жаста еді. Ол биылғы қарашаның соңында "денсаулығына байланысты" шұғыл ауруханаға жатқызылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети