Тоқаев Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: abaialemi.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасына қараған шағында дүниеден өткенін хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети