Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі", - деді ол.

Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қаржылай да, басқа да көмек көрсетілетінін айтты.

"Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар. Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети