Тоқаев пен бас хатшы Антониу Гутерриш Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев пен бас хатшы Антониу Гутерриш Алматыдағы  БҰҰ өңірлік орталығына барды Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген бас хатшыға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті. Бұл сапардың еліміз үшін мәні зор әрі Ұйымның орнықты даму күн тәртібіне бейілдігін көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азияда орнықты даму мақсаттарына арналған алғашқы орталықтың ашылуы – бүкіл аймақ үшін айтулы жетістік.

"Осы бастаманы қолдағаныңыз үшін Сізге және Сіздің ұжымыңызға өзімнің, сондай-ақ Қазақстан халқының атынан алғыс айтамын. Сіздің дер кезінде қолға алған әрі келешекті ойлаған UN80 бастамаңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан ұйымды реформалау жолындағы іс-әрекеттеріңізді толық қолдайды. Осы ретте еліміздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан мультилатерализм, дипломатия және ынтымақтастық қағидаттарына әрдайым бейіл екенін тағы да растаймын", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети