05 сәуір 2022 | 10:00

Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті? 4 cәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

Бас прокуратура мен ІІМ бірігіп өткізген брифингте не айтылды? Алматыда танымал дәрігерді атып өлтірген кім? Қазақстанда азық-түлік тағы да қымбаттай ма? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура мен ІІМ бірігіп өткізген брифингте не айтылды? Алматыда танымал дәрігерді атып өлтірген кім? Қазақстанда азық-түлік тағы да қымбаттай ма? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Қазақстандыққа құны бір миллиард теңге тұратын екпе салынды

Оралдық Фатима Асқар есімді балаға құны миллиард теңгеге жуық тұратын "Золгенсма" препараты егілді. Фатиманың ата-анасы қызының емделуіне алты ай ақша жинаған. Дәрігерлер балаға омыртқа бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойған. Фатима - Батыс Қазақстан облысында әлемдегі ең қымбат екпені салдырған екінші бала. Біріншісі ақсайлық Эмир Шахмаров еді

Реклама
Реклама

Ақтауды құмды дауыл басты

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақтаулықтарға шұғыл қажеттілік болмаса, көшеге шықпауға кеңес берді. Қаланы құмды дауыл басты. ТЖД мәліметінше, өңірде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған.

ШҚО-да 5 вагон өзенге құлаған

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Құмыстау теміржол учаскесінде 18 вагон рельстен шығып кетті. Бес вагон Ертіс өзеніне құлаған. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жолаушылар және жүк пойыздарында кідірістер жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қазақстанда 285 елді мекенді су басу қаупі бар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды. 385 елді мекенде қауіп азайтылды. Бүгінде су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-інде ықтимал қауіп сақталған

Фото: ТЖМ

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің хабарына қарағанда, Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс облыстары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады. Бұл аймақтарда жауын-шашын, желдің күшеюі, түнде көктайғақ болады. Ал таулы аймақтарда найзағай күтіледі, бұл аймақтарда термометрлер +20...+28 градусқа жетеді

Ауыл шаруашылығы министрі азық-түлік қымбаттауын түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, бірқатар тауар бойынша жалпы инфляция 12 пайыз, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері де бар. Биыл өсім соншалықты үлкен емес, негізгі азық-түлік өнімдері, қорлар бар, олар ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың - кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелері ұрлығының қосымша фактілері анықталды. Олар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан. Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компания басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Алматыда танымал дәрігер оққа ұшты

Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болды. Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа аңшы мылтығынан оқ атылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Алматы полициясы растап, кісі өлтірді деген күдіктіні ұстағанын хабарлады. Шумковтың әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басына оқ атқан.

Фото: gastroenterologii-too-med.obiz.ru/

Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған қылмыстық істер туралы айтылды

Бас прокуратура қазіргі таңда қаңтар оқиғаларынан кейін 44 терроризм актілері бойынша қылмыстық іс қаралып жатқанын мәлімдеді. Бүгінде 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Олардың 269-ы қамауда.

Жалпы, ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың көбі: ұрлық, тонау, қару жымқыру және басқа ауыр емес қылмыстар. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу жүргізілгеннен кейін істер бірден сотқа жолданады. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады. Бүгінде кінәні мойындау және залалды өтеуге байланысты 135 адамның бас бостандығы шектеліп, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 адам бас бостандығынан айырылды

Қаңтар қасіреті: қаза болған құқық қорғау қызметкерлерінің саны жарияланды

Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов құқық қорғау органы қызметкерлері өлімінің мән-жайын айтты. Оның сөзінше, бүгінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қазіргі және болашақ 19 офицердің қазасының мән-жайы анықталды. Қилымжанов қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға қатысты жан-жақты тергеу жүріп жатқанын, бұлтартпас дәлелдер анықталған кезде олардың нәтижелері хабарланатынын айтты.

ҰҚК-нің сегіз қызметкері тергеудің заңсыз әдістері бойынша ұсталды 

Құқық қорғау органдарының жекелеген басшыларына қатысты да арнайы прокурорлар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жамбыл облысы ІІД бастығының экс-орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданудың барлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, арнайы прокурорлар ең атышулы он істі тергеп жатыр. Осы істер аясында 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 ҰҚК қызметкері және бір полиция қызметкері ұсталды

Фото ©REUTERS

Қаңтар қасіреті: жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қанша іс қозғалды?

Бас прокуратура Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 істі тергеп жатыр. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов сөзінше, құқық қорғау органдары мен прокуратура толық тергеуді, заң нормаларын сақтауды және дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін барлық күш пен ресурсын жұмылдырады.

Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Вячеслав Юрьевич Дудник Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Фото: ДСМ

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы тағайындалды

Каталин Раду Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры болып тағайындалды. Ол бұған дейін ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы директорының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, ИКАО 37-Ассамблеясының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған.

Фото:t.me/caa_kaz 

Миллиард теңгенің алтынын заңсыз кіргізбек болған ер адам ұсталды

Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан халықаралық рейс жолаушыларын шекаралық бақылау пунктінен өткізу кезінде заңсыз зергерлік бұйымдарды елге кіргізбек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Алтын бұйымдардың жалпы салмағы 34 келіден асты. Ұсталған тауардың алдын ала сомасы миллиард теңгеден асады. Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-бөлігі "Аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда" бойынша тіркелді. Ұсталған азамат пен алтын бұйымдар одан ары сот ісін жүргізу үшін Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу бөліміне беріледі.

Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 

Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, содан кейін келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.  Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.

Польша АҚШ ядро қаруын өз аумағында орналастыруға дайын

Польша премьер-министрінің орынбасары, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Ярослав Качиньский Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында елінің аумағында АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл қадам Ресейді оқшауландыруға көмектеседі. Качиньский сондай-ақ АҚШ-тан Еуропадағы америкалық әскер санын көбейтуді сұрады және әскерлердің басым бөлігі НАТО-ның шығыс қапталына орналастырылуы керек екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная