28 маусым 2023 19:14

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Екі ел басшылары бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына игілік пен бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, былтыр Мемлекет басшысының Анкараға және Түркия Президентінің Астанаға жасаған мемлекеттік сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға баса мән берілді.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 453.06   490.7   5.12 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети