04 сәуір 2022 11:06

Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті? Демалыс күндері Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен не туралы сөйлесті? Мемлекет басшысына қастандық жасамақ болған шетел барлау агенті туралы не белгілі? Қазақстандықтар қандай елдерге ұша алады? Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен не туралы сөйлесті? Мемлекет басшысына қастандық жасамақ болған шетел барлау агенті туралы не белгілі? Қазақстандықтар қандай елдерге ұша алады? Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Құрылыс материалдары неге қымбаттап жатыр?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі құрылыс материалдары неге қымбаттағанын түсіндірді. Ведомство мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыс аясында биыл басқа елдердегідей Қазақстанда да нысан құрылысының қымбаттауы және құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттері себеп болған. 

Реклама
Реклама

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингінің "тұрақты" болжамды "BBB-" деңгейін растады. S&P пікірінше, қысқа мерзімдік перспективада кредит рейтингінің динамикасы КҚК-ны қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі мен сыртқы экономикалық қызметті қолдауға байланысты болады, ал ұзақ мерзімдік перспективада рейтинг мемлекеттік институттардың саясатын одан ары жетілдіру мен бизнес-ортаны жақсартуға тәуелді болады.

Премьер-министр Facebook-те парақша ашты 

Әлихан Смайылов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақша ашты. Ол өзінің алғашқы жазбасында халықпен ашық диалог құру үшін барын салатынын жазған. Енді қазақстандықтар Үкімет басшысына тікелей сауал жолдай алады. 

Фото: Үкімет баспасөз қызметі 

Үкімет басшысының жаңа кеңесшісі тағайындалды

Қазақстан премьер-министрінің өкімі бойынша, Бибігүл Амангелдіқызы Асылова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол енді әлеуметтік блокқа жауап береді

Президент Тоқаев Путинмен не туралы сөйлесті?

Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер барысы туралы мәлімет берді. Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қолжеткізудің аса маңызы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды.

Фото: akorda.kz

"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталды 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауына алынды.

11 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" шоуының финалына өтті 

Сағын Өмірбайұлы "Голос. Дети" шоуының тоғызыншы маусымының финалына өтті. "Песня на вылет" кезеңінде жас қазақстандық "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін қайта шырқап, финалға шықты.

Қазақстан Президентіне қастандық жасамақ болған шетел барлау агенті ұсталды

25 наурызда ҰҚК қарсыбарлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Президентке және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті "А" деген қазақстандықты ұстады. Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару кәсіби түрде жасырылып, Қазақстанға бөлшектермен әкелінген. Бұдан өзге, күдікті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда орыстарға өшпенділік көзқарас тудыру тапсырмаларын орындағаны хабарланды.

Сурет: ҰҚК

Қазақстандықтар 25 елге тікелей ұша алады

Бүгінде Қазақстаннан 25 елге 70 бағыт бойынша (аптасына 267 рейс) халықаралық әуеқатынасы орындалып жатыр. Бұл ақпаратты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратты

99 тұрғын үйді су басты 

ТЖМ Қазақстан өңірлеріндегі су тасқынына қатысты кейінгі ақпаратты бөлісті. Елде қазіргі уақытта 99 тұрғын үйді су басты. Су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ және ЖАО-ның 944 адамы, 360 бірлік техникасы, 40 су сорғыш құралы және ТЖМ-нің 8 жүзу құралы жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Баку орталығында жойқын жарылыс болды

Әзербайжан астанасының орталығындағы LocationBaku түнгі клубында жойқын жарылыс болды. Қаза тапқандар мен жаралылар бар. Алдын ала мәлімет бойынша, газ жарылып, оның салдарынан үш адам қаза тапты. Түрлі диагнозбен ауруханаға жеткізілген адамдар саны 30-дан асады

Фото: haqqin.az

Шри-Ланка мемлекеттік төңкерістің алдын алды

Шри-Ланка билігі "Араб көктемі" стиліндегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды. Ел билігін құлату әрекеті коменданттық сағат пен қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салынғанына қарамастан ұйымдастырылды. Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса наразылық акциялары аясында елде төтенше жағдай режимін енгізді. Сондай-ақ, аралда коменданттық сағат жарияланды, барлық әлеуметтік желі бұғатталды.

Фото: Reuters

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram